Ауылдағы ағайынның баққан малы мен еккен егінінен басқаның бәрі қымбаттаған

/uploads/thumbnail/20170708203118726_small.jpg

Өткен аптадағы ҚР статистика комитеті баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда Қазақстанда азық-түліктің бағасы былтырғы жылдың қазан айымен салыстырғанда 8% - ға өскен.

Атап айтар болсақ жарма 24,8%, қант — 17,2%, балық және теңіз өнімдері — 13,4%, жеміс және көкөністер —13,3%, сұйық май, кофе, шай және какао — 12,2% - ға өскен. Сондай-ақ спирттік ішімдіктер 11,4% - ға, нан-тоқаш және ұн өнімдерінінің бағасы - 10,9%-ға, кондитерлік өнімдер - 10% -ға, нан - 9,7% -ға, макарон өнімдері - 6,2% -ға, сүт өнімдері - 5,4% -ға, ұн - 4,7% -ға өскен. Сонымен бірге, ет және ет өнімдері 1,7%-ға өскен. Шұжық өнімдерінің бағасы 7,1%, сир еті —1,3%, жылқы еті —0,7%, ал құс еті —5,5%, қой еті— 0,5% ға төмендеген.

Алайда agroalem.kz сайтының 2 қарашағы  «тауар биржасы ЕСЖ» АҚ  хабарлаған дәнді дақылдар бағасына назар салсақ. Бидайдың бағасы өткен жылыдың осы уақытымен салыстырғанда негізінен өзгермеген, мысалға 3 кл EXW бидайдың бір тоннасы 40000 теңгенің айналасында сатылған. Ал Алматы облысының егіншілерінен тілдескенімізде осы өңірде көп егілетін соя бұршақты өткен жылмен бірдей тоннасын 75000 теңге көлемінде өткізіп жатыр екен. Ал Оңтүстікте мақтаның клиограмы  100 теңгенден артық саудаланып жатыр « бұл өз кезегінде былтырғыдан 40 теңгеге қымбат болғанымен кірісіміз өткен жылмен бірдей болып тұр» - дейді біз хабараласқан Мақтарал ауданының мақташылары. Бұған себеп билығы жаңыр маусымының ұзаққа созылуы екен. Сондықтан мақтының сапасы мен тұсымы төмен,  жылда 2-3 рет терілетін мақта биыл бір рет қана терілген. Ал тірі мал базарында жылқының бағасы негізінен баға тұрақты, сир мен қойлардың бағасы былтырғымен салыстырғанда 30% - ға төмен екен, мысалға өткен аптада Алматы обылысы Көксу базарында тоқтылар 12000-15000 теңге аралығында, құнажындар 100000 теңгенің айналасында  саудаланған.

Жанар-жағармай мен күнделікті тұтыну заттарының бағасының өскенін ескерсек, Қазақстан халқының 40% - дан астамы тұратын ауылдың негізгі күн көрісі болған мал мен егін биыл пайдадан гөрі шығына әкеліп отыр. Ал ауылдықтар өздері даярлайтын шикізаттың қымбаттамай, одан шыққан өнімдерідің қымбаттағанына таңданыстарын жасырмайды. Әсіресе отандық өнімдердің қымбаттауы еркін нарық па, әлде кәсіпкерлердің теңгенің құнсыздануын сылтауратып қолдан жасап отырған  қымбатшылық па?

 

 Әлібек Ыдырыс

Қатысты Мақалалар