Қарағандыда ҚР-ы Қаржы министрлігі республикалық көшпелі комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Қанат Төреқожаев 4,6 миллион теңге пара алғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қарағандылық жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері 7 қараша күні ҚР-ы Қаржы министрлігі республикалық көшпелі комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Қанат Төреқожаевқа қарсы қылмыстық іс қозғаған.
«Тексеріс кезінде оның Қарағанды облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бас бухгалтерінен бюджет қаражатының жұмсалуы және мемлекеттік сатып алуларды тексеру нәтижесі бойынша мәселелерді «оңтайлы» шешіп беруі үшін 4,6 миллион теңге пара алғаны анықталды» делінген Агенттік таратқан хабарламада.
Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына жабылған.
Пікір қалдыру