«Нұр Отан» өзіне миллиондық меже қойды

/uploads/thumbnail/20170708203319103_small.jpg

«Нұр Отан» партиясы болашақта өз мүшелерінің санын 100 мыңнан асыруды жоспарлап отыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда республика бойынша «Нұр Отан» партиясының құрамында 870 мыңнан астам мүше бар. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ең негізгі басымдық экономикалық салаға қойылмақ. Осыны ескере отырып, партия құрамының сапасына талдау жасалды. Осыған орай, экономика мен шағын және орта бизнес салаларына ерекше көңіл бөлу керектігі анықталды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің елде экономикалық белсенді 9 миллион адам бар, олардың 2 миллионнан астамы - шағын және орта бизнесте жүр. Олардың ішінде «Нұр Отан» партиясының мүшелігінде тұрғандар 1 пайыздан сәл асады. Ал, медицина, білім беру, мәдениет салаларында жұмыс істейтін экономикалық белсенді халықтың 1,5 миллионына да жетпейді, дей тұрғанмен онда біздің партияның мүшелері жетерлік. Экономика саласында бізде 3 миллионан астам адам бар, алайда «Нұр Отан» партиясының мүшелері оның 19-20 пайызын ғана құрайды. Ішкі партиялық жұмысты дәл осы салаларда күшейту қажеттігі туындап отыр», - дейді департамент директоры Жігер Қалиев партияның Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоғамдық қабылдаудың тиімді жұмысының арқасында қазіргі уақытта партия қатарына өтемін дегендердің саны артып отыр.

«Осыған қарамастан, партия мүшелер санына емес, сапасына қарайтын болады. Бізде өздеріміздің талаптарымыз бар. Соның негізінде біз партияға ең лайықты деген азаматтарды қабылдайтын боламыз. Демек, бізде сапа тұрғысынан келгенде өте жоғары талаптар қойылмақ», - дейді Ж.Қалиев.

Қатысты Мақалалар