Сарапшылардың пікірінше, бақытты болу үшін әлеуметтік желіден бас тарту керек. Даниялық мамандардың бұл тәжірибесіне 1095 адам қатысқан. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Еріктілер екі топқа бөлінді. Бірінші топ Facebook желісін әдеттегідей қолдана берді, ал екінші топ бас тартты.
Бір апта өткен соң желіден бас тартқан адамдарда өмірге деген құштарлық сезімі артқаны байқалды. Олардың 88 пайызы өзін бақытты сезінген, ал екінші топтағылар 81 пайыз болған. Facebook қолданушылары әлеуметтік желіде отырмайтын адамдармен салыстырғанда 39 пайызға бақытсыз сезінген.
Зерттеу аяқталған соң тәжірибеге қатысқандардың тек 12 пайызы ғана Facebook желісінен бас тарта алған. нәтижесінде олар адамдармен шынайы қарым-қатынас орнатып, араласа бастаған.