Түркия Президенті Режеп Ердоған РФ Президенті 30 қарашада Парижде кездесуге шақырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоғанның айтуынша, Ресей тарапынан бұл ұсынысқа әлі ресми жауап алмаған.
30 қараша күні Парижде 138 мемлекеттің басшыларының қатысуымен климат мәселесіне арналған Халықаралық конференция өтеді. Бұған дейін РФ Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков В. Путиннің аталған конференцияның ашылуында баяндама жасайтынын хабарлаған болатын.
«Мен Ресей басшысы В. Путинмен 30 қарашада Путинмен кездесуге сұрандым. Бірақ, әлі жауап алған жоқпын» деген Р. Ердоған France 24 телеарнасына берген сұхбатында.
Сейсенбі күні Түркия әскери әуе күштері Ресейдің бомбалаушы ұшағын атып құлатқаннан кейін, екі ел арасында шиеленіс күшейген болатын.