Алматыда «Адем» сауда орталығының директоры жоғалып кетті

/uploads/thumbnail/20170708204959914_small.png

Биыл көктемде өртеніп кеткен «Адем» сауда орталығындағы бутиктерді жалға алушылар сауда үйінің бұрынғы басшысы із-түссіз жоғалып кеткенін айтуда. Бұл туралы өрттен зардап шеккендердің өкілі, заңгер Василий Резван мәлімдеді.

«Шұғыл жаңалық – Ербол Тымбаев («Адем» СҮ бұрынғы басшысы – ред.)жоғалып кетті. Біз дабыл қағудамыз. Оның жоғалғандығы туралы 2015 жылғы 14 қарашада шығарылған қаулы бар. қазір директор міндетін атқарушы болып Зоя Замащикова тағайындалған. Ол басшысының қайда кеткенін білмейтінін айтуда», - дейді заңгер.

В. Резванның айтуынша, З. Замащикова 11 қыркүйектен бері орталықта арендаторлардан ақша жинап жүргенімен, оны кімге беру керектігін білмейтін көрінеді.

«Біз әділет басқармасы арқылы тексердік. Замащикова жарғы бойынша осы лауазымға тағайындалған және ол жалдау ақысын жинауға жауапты. Біз оны жиналған ақшаны өрттен зардап шеккендерге беруді талап етудеміз» дейді заңгер.

«Адем» сауда орталығында ағымдағы жылдың 26 сәуірінде өрт болып, 25 мың шаршы метр аумақ өртеніп, тілсіз жау 1600 сауда орнын тауарларымен бірге жалмап кеткен болатын. Мамандар өрттің негізгі себебі қауіпсіздік техникасының сақталмауы деген қорытынды шығарған еді.

Қатысты Мақалалар