Қырымдықтар Украина Президенті Петр Порошенкодан референдум өткізіп, Қырымды Украина құрамына қайтаруды сұрауда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Оккупацияланған Қырым аумағында тұратын Украина халқы арасындағы наразылыққа байланысты мемлекет басшысын Қырымды Украина құрамына қайтару туралы референдум өткізуді және оккупациялық билікті заңсыз деп тануды, азаматтардың бұрынғы құқықтары мен бостандықтарын қайтаруды талап етеміз» делінген петицияда.
Сондай-ақ, құжатта Ресейдің автомат кезеніп жүріп өткізген референдумының заңсыз екендігі айтылған.
Осындай талаппен Донецк облысының тұрғындары да наразылық шараларын өткізуде.