Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының «Ән әлем» атты жаңа бейнебаяны бүгін Youtube желісіне жүктелді. Бірнеше сағаттың ішінде жаңа клипті мыңға жуық адам тамашалаған.
Бейнебаяндағы көрініс белгісіз галактикадан бастау алады. Бір айта кетерлігі, клип «Диснейлендтің» фантастикалық мультфильмдерін еске түсіретіндей. Youtube көрермендері клиптің өте сапалы түсірілгенін атап, бұл қазақ шоу-бизнесіндегі биылғы жылдың жаңалық әкелген бейнебаяны деп баға беруде.