Естеріңізде болса, Путин "қазақта мемлекет болмаған" деген кезде, тарихымыздың ұзақта екенін еске алып, Қазақ хандығының 550 жылдығын жарияладық. Тайшыбеков пен Мәсімов те көп қазақтың намысын оятып жүр. Біз, 24 жыл бойы ең бір қасиетіміз тәуелсіздігіміздің қадырыне жетпей жүр едік. Елбасы бастап, әкімдер қоштап желтоқсанның бірінен бастап, шырша жағып, жаңа жылға дайындалатыны бір басқа, әр қазақтың тәуелсіздіктің қадіріне жетіп жатқаны шамалы. Әдетте, кептеліспен жүрерге жол қалмайтын Алматы көшелері Тәуелсіздік күнімізде бос қалды. Тәуелсіздік алаңына да 40-50 ден артық адам жиналмады. Бұл күні алаңға адам, көшеге машина симай қалуы керек еді.
Біздің қазақтар азаттық алған күні демалыс деп, түске дейін ұйықтап жатқанда, көшеге шығып Тәуелсіздік күнімізді есімізге салып берген, ресейліктерге ренжігеннен гөрі алғыс айтқым келеді. Іштегі болсын, сырттағы қазақ болсын тәуелсіздігінің қадіріне жетуді ойлай бастар деген үміттемін! Біз бұл күнімізді қадірлей алмағанмен, көре алмайтындардың бар екенін біліп жүретін болады. Бұл олардың бізге тигізген пайдасы. Бір жауабымыз тәуелсіздіктің қадіріне жету болса, берілуге тиіс басқа ресми жауаптарымызды сіздер де айта отырыңыздар!
Тұрдыбек Құрметханның «Фейсбук» парақшасынан