«Қазақстан дауысының» 5 миллионы кімге бұйырады?

/uploads/thumbnail/20170708205700317_small.jpg

 

Жарты жылға созылған еліміздегі айтулы ән бәсекесі «Қазақстан дауысының» үшінші маусымы шешуі сынға таяды, - деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.

Бірнеше аптадан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде көрерменнің дауыс беруімен үздіктер іріктелуде.

Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 лайықты өнерпаз ғана қалды. Алдағы жексенбіде осы төрттіктің арасынан кімнің жеңімпаз атанып, бас жүлде 5 млн. теңгені иеленетіні анықталады. Бәсекенің финалдық сайысы өте тартысты әрі қызықты болады. Үміткерлер бірнеше мәрте ән шырқайды. Алғашқы кезеңде еліміздің танымал жұлдыздарымен жұп болып өнер керсетсе, екінші кезеңде тәлімгерлерімен қосылып ән салады. Ал үшінші сында жеке-жеке шеберлігін сынайды. Бұл жолы тәлімгерлер шәкірттеріне көмектесе алмайды. Жеңімпаздарды тек көрермен дауыс беру арқылы шешеді.

Рүстем Нұржігіттің тобынан қытайдан келген қандасымыз Жәннат Әділханқызы бақ сынайды. Оның реттік нөмірі - 9. Мадина Садуақасованың шәкірті Ербол Тәжібаев, реттік нөмірі - 16.Нұрлан Албанның шәкіріті Мұратбек Хайролда 3-ші реттік нөмір бойынша сынға түседі. Алмас Кішкенбаевтің шәкірті Диана Исмаилованың нөмірі -7.

Тікелей эфирдегі тартысқа толы ән сайысты «Қазақстан» Ұлттық арнасынан осы жексенбіде тамашалай аласыздар.

 

Қатысты Мақалалар