Ресейдің Сургут қаласында жүргізуші әйел көлігін жанар май құйып жатып өртеп алды.
Ғаламторда жарияланған видеода келіншектің жанар май құю стансасында бензин құйып жатып белгісіз себеппен оттық тұтатқаны, оны бактың аузына жақындатқаны анық көрінеді. Көп ұзамай бактағы бензин тұтанып, машинаны өрт шалды.
Келіншектің бұл қылығын желі пайдаланушылары бактың қақпағын жабатын кілтті «қыздырмақ» болған шығар деп түсіндіруде.