Путин саясатын іске алғысыз етті

/uploads/thumbnail/20170708211347535_small.jpg

Ресей постинудстриалды қоғамды зерттеу орталығының директоры Владислав Иноземцев Ресей Президенті Владимир Путиннің жүргізіп отырған саясатын сынға алды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Саясаттанушы атап айтқанда, 2000 жылдың басында (Путин билікке келген уақыт – ред.) билік басындағылардың Ресейді Қытай сынды қарқынды экономика иесі ете алмаса да, екінші Эмират жасауға мүмкіндігі болған.

«Бүгінгі барреліне 31 долларды құраған мұнай мен 77 рубльге теңелген доллар ресейліктердің үш ұйықтаса түсіне кірмейтін еді. Бірақ, қазір бұл қалыпты жағдай ретінде қабылдануда. Бұл ең алдымен Кремльге 16 жыл бұрын келген В. Путиннің кесірі», - дейді В. Иноземцев. Оның айтуынша, мұнайдан басқа сенері жоқ Ресейдің осал экономикасы Путиннің тартыстары салдарынан әлемдік қауымдастықтың қысымына ұшыраған.

Сондай-ақ, саясаттанушы Путин билігінің 17 жылындағы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімді долларға шақса, 2005 жылғы деңгейде қалғанын айтады.

«2016 жылға арналған ІЖӨ болжамы 77,2 трлн рубль. 79 рубльдік доллар бағамына шақсақ, бұл 2006 жылғы 26,7 трлн рубльге (ол кездегі доллар бағамы 27,17 рубль болатын) тең келеді», - дейді ол.

Сондай-ақ, соңғы үш жылда Ресейден 280 млрд доллар қаражат сыртқа кеткен. Әскери бюджет есесіне 7,5 есеге артқан. Соңғы жылдары Ресей бастаған екі соғыс та Ресейдің пайдасына шешілетін түрі жоқ.

Саясаттанушы, Путин билік еткен жылдардағы мұнай бағасының шарықтауы оның халық алдында білікті басшы ретіндегі имиджін жасауға әсер еткенін айтады. 2000-2014 жылдар аралығында мұнай бағасы 28,5 доллардан 102 долларға өскен. Еті басшы болса, бұл мүмкіндіктерді шебер пайдаланып, бірнеше жылдық өсімге негіз болатын экономикалық жүйе құруға болар еді.

Бұдан басқа сарапшы Ресейдің инфрақұрылымының дамымай қалғанын көрші Қытай мүмкіндіктерімен салыстыра отырып, сынайды.

Ресейің білім жүйесі де бүгінгі заман талаптарына жауап беретін деңгейде емес көрінеді. Мемлекеттік аппарат жұмысы, әлеуметтік бағдарламалар да сәтсіздіктерге ұшырауда.

Осындай бірнеше бағытта айтулы кемшіліктерді тізбелей келе, саясаттанушы ойын «Елді көп сөйлейтін, бірақ, қолынан нақты ештеңе келмейтін адам 10 жылдан артық басқарып отыр. Ол өз мүмкіндіктеріне емес, сыртқы факторларға арқа сүйейді. Бұл – державалық шарасыздық» деп қорытады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар