Нығмет Мыңжани

/uploads/thumbnail/20170708151346572_small.jpg

 Нығымет Мыңжани 1922 жылы 22 наурызда ҚХР, Тарбағатай аймағы, Толы ауданының Куб ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында үздік оқыған ол 1939 жылы Шыңжаңнан Совет одағына арнайы жіберіліп оқытылатындардың қатарына кіреді. Дегенмен әртүрлі себептермен бұл сапарға шыға алмай қалған Нықаң Шыңжаңның полиция офицерлерін тағайындау орнының аз ұлт тілдері бойынша аудармашылар тағайындау орталығында білім алады. 1941 жылы оқуын үздік аяқтап, Шыңжаң өлкелік полициясына аудармашы қызыметіне тағайындалады. 1946 жылы Шыңжаң өлкелік қазына меңгермесінің орынбасар секраторы қызыметіне ауысады.Нығмет Мұхамметұлы – мол білімі мен шынайы қайраткерлігінің арқасында көзге түсіп, набәрі 27 жасында Шыңжаң өлкелік үкіметінің хатшысы дәрежесіне көтеріледі. Тек билік дәлізінде жүруді мақсат етпеген Нықаң ғылыммен шұғылдануды бір сәт тоқтатпаған. Ол 1942-1949 жылға дейін Шыңжаң қазақ-қырғыз мәдени қоғамының басқарушы мүшесі, "Сәуле" айлық журналының бас редакторылығын өтейді. 1951 жылы Қытай үкіметі Нықаңды ішкі Қытайдың Ши-ань қаласына ауыстырып, Батыс солтүстік әскери комитетінің ұлт істер комиссиясының мүшесі және басқарма бастығы етіп тағайындайды. Ол 1953 жылы Бейжіңдегі ұлттар баспасының қазақ тілді редакциясына директор болып барады. Ал 1975-1978 жылдар аралығында Іле халық баспасында қызымет істейді де, 1979 жылы Шыңжаң қоғамдық ғылым акедемиясы тіл зерттеу институтының орынбасар бастығы міндетін атқарады. Қазақ тарихы мен әдебиетінің табанды зерттеушісіне айналған Нықаң 1984 жылы Шыңжаңның "Үздік ғылыми қызыметкері" атағын алады. Нығмет Мұхамметұлы сонау 1939 жылдардан бастап шығарма жазып, үлкен зерттеулермен айналыса бастаған. Туған халқының нұрлы келешегі жолында бірнеше ғылымның тілін тең игеріп, нардың жүгін көтерген ғұлама ғалымдардың бірі. Нығымет Мыңжанның 1942 жылы "Жауынгер семия" атты төрт перделі драмасы сахнада қойылып, көрерменнің қызу қарсы алуына ие болған. 1947 жылы ол жазған "Қазақ тарихының дерегі" атты еңбегі Шаңхайда шығатын "Шөл жазира" журналының алты санында қатар жарияланып, Қытай оқырмандарын тәнті еткен. 1948 жылы Нығмет Мыңжанидың "Тұрмыс тілшісі" атты повесті баспадан шықты, бұл Қытай қазақ әдебиетінде жарыққа шыққан тұңғыш повест еді. Сол жылдары Нықаң "Қазақтың тарихи дастаны «Қызжібек» жайында алғашқы зерттеу", "Шәріпқанның өмір баяны", "Қазақтың ағарту, тәрбие жағдайы" т.б ғылыми мақалаларын жариялды.1945 жылы ол "Бересі борыш" сатиралық дастанын өмірге әкелсе, "Сәлиха- Сәмен", "Әлия- Мәншүк" дастандарының жарыққа шығуына ықпал етті әрі өзінің "Қазақ тарихының дерегі" еңбегін Қытай тіліне аударды. 1951-1952 жылдары Нықаңның "Қарлығаш" атты өлең романы өмірге келді, ол 1952 жылы Шыңжаң әдеби туындыларының 1 дәрежелі сыйлығын алды. Нығымет Мыңжани 1950 жылдары Бейжіңдегі ұлттар баспасында қызмет өтеп жүрген кезінде әлем классиктерінің, Қытай әдебиетінің қазақшаға аударылуына айтарлықтай үлес қосты. Өзі де жеке шығармашылықпен айналысып, жүзге таяу өлеңдер жазды. 1987 жылы Нығымет Мыңжанұлы "Қазақтың қысқаша тарихы" көлемді еңбегін жариялап, тек Қытайда ғана емес, бірнеше шетел басылымдарында қызу талықының өзегіне айналды. 1992 жылы Қытай тарапынан Мемлекеттік жүлде алған бұл еңбек жөнінде Англияның Лондонда шығатын "Орта Азия хабарлары", Түркияның "Түркия мәдениеті" журналдары шолулар басты. АҚШ-тың Кембридж униуерситеті арнайы хат жолдап құттықтаса, Германияның Мюнхен радиосы бүкіл кітапты тарау-тарауымен радиода оқып тартты. Қазақстанның "Жалын" журналына да басылыды. Нықаң қазақ тарихын зерттеген бүкіл ғұмырында ұлттың өткеніне қатысты көптеген тың дүниелерді жарыққа шығарды. Айталық, "Қазақ тілінің тарихына шолу", "Қытайдағы қазақтар", "Қазақ ұлтының тегі және қазақ атауының мәні мен қалыптасуы", "Ислам дінінің қазақ халқына таралуы және ықпалы", "Диуани Лұғат Ат Түріктің қазақ тілімен қатынасы", "Қазақ тілі мен әдебиетінің тұлғалануы және дамуының төрт сатысы" қатарлы ғылми еңбектерін ұлтына арнады. "Қазақ тілі түсіндірме сөздігін", "Қазақ шежіресін", "Қазақ жырауларының жыры" атты кітаптарды құрастырды әрі алғы сөз жазып редакторлық етті. Нығымет Мыңжани "Қазақтың мифтік аңыздарын" ең алғашқы болып зерттеген адамдардың бірі. Нықаң өз өмірінде қазақтың тарихын, тілін, әдебиетін, мәдениетін, фольклорын зерттеп, үлкен табыстарға қол жеткізді. 1986 жылдан 1993 жылға дейін арнайы ұсыныс бойынша Германия, Түркия, АҚШ, бұрынғы Кеңес одағы, Қазақстан, Қырғызстан секілді көптеген елдерде болып дәріс оқыды. Нығымет Мыңжани 1993 жылы 22 маусымда Алматыда өмірден озды. Оның есімі "Қытай энциклопедиясы", "Қытайдың аз санды ұлт ғалымдары", "Қытайдың даңқты адамдары" кітаптарына алтын әріппен жазылған.

Қатысты Мақалалар