Әлихан Бөкейхан ешкімге мойынсұнған емес

/uploads/thumbnail/20170708151351741_small.jpg

Әлихан Бөкейхан ХХ ғасырдың ұлы саясаткерлерінің бірі. Әлекеңді Махатма Ганди, Нельсон Мандела сияқты бүгінде әлем танып отырған саясаткерлермен қатар тануымыз керек. Өйткені, олар империя шеңгелінен шығу үшін, өз халқының азаматтық құқықтары үшін бейбіт түрде күрескен тұлғалар. Тіпті, Азамат соғысы жылдарында Ленин мен Дзержинский контрреволюционерлерге "расстрел на месте!" деп, атып тастауға анық үкім шығарып жатқанда, Алашорда үкіметінің төрағасы ретінде халықты бүліншіліктен қорғау үшін Алаш милициясын құрды. Милицияны әскер емес, ел қорғаны деп түсіндірді және сол жолда қызмет етуге үндеді. Жетісу майданындағы большевиктердің қанды қырғынынан соң, Совет өкіметін мәжбүрлі түрде таниық, енді тек Советке қарсы ағартушылық әрекеттермен қарсы тұрайық деді. Атылар алдында "Мен Совет өкіметін ешқашан сүйген емеспін, мәжбүрлі түрде таныдым" деді ақтық сөзінде. Әлиханның ұлт-азаттық күресіндегі басты тәсілі - мойынсұнбау. Кісі баласына қылдай қиянат етпей, арын таза сақтаған, ұлтты нағыз адамшыл істерге бастаған Әлекеңнің әруағына мың да бір тағзым!

Болат Мүрсәлім

Қатысты Мақалалар