Баян Есентаеваның басынан өткен қиын жағдай туралы ашық сұхбат беруін батылдық деп бағалау керек. Бұл айымның кәсіби қызметімен жете таныс емеспін. Жақын танымаймын. Бірақ Қазақстандағы ең танымал әйелдердің бірі екенін сырттай білем.
Осындай әйелдің өзі отбасында адам шошырлық зорлық-зомбылық көрсе, өзгелері не болды деген сұрақ туады. Қоғамды ойлантатын оқиға, әсіресе ер адамдар сабақ алуы тиіс. Зайыптарына жұдырық ала жүгіретін жігіттерді сол күйі Головкиннің дайындық залына, рингтің ортасына «мешок» ретінде топ еткізіп түсіре қойса. Қандай әдемі көрініс болар еді.
Ғалым Боқаштың Фейсбуктегі парақшасынан алынды