Биыл Американың экс президенті 70-ке толды. Осыған байланысты «Газета.ru» порталы Билл Клинтонның бұрынғы көңілдесі Долли Кайлмен жүргізген сұхбатты жариялады. Долли Кайл жуырда «Хиллари. Бөтен әйел» деп аталатын кітап жазып шығарған.
Долли Кайл Билл Клинтонмен бір мектепте оқыпты. Олардың жақын қарым-қатынастары тек 1970 жылы басталып, 1992 жылға дейін созылған. Ол бұған дейінгі кітабында әйел адвокат пен губернатор еркектің қарым-қатынасы туралы жазған. Жұртшылық Долли кітаптарында Клинтонды кейіпкер етіп алған деген пікірде.
Өзінің Клинтонмен жақын болғанын жоққа шығармайтын Долли сұхбатында Клинтон өз әйелін ұнатпайды деген пікір білдіреді. Билл мен Хиллари сүйіп қосылған емес, тек саяси жақтастар дейді ол. Клинтонның көңілдесінің ойынша, Хиллари күйеуінің жарқын болашағын алдын ала біліп, оны Ақ үйге кіру үшін пайдаланған. Долли Билл Клинтон қалаған нәрсесіне қол жеткізетін мақсатшыл адам деп бағалайды.
Долли сондай-ақ, көптеген еркектер өздерінің анасына ұқсайтын жар іздейтінін айта келе, Хиллари Биллдің анасына мүлде ұқсамайды дейді. Бірақ ол анасы сияқты оған көмектесетін. Хиллари күйеуіне қаржылай да көмек көрсеткен. Хиллари Биллдің әжесі сияқты, оны ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстаған, өте ықпалды әйел.
«Егер мен Хилларидің орнында болсам, басқаша әрекет етер едім. Әрине мен бұрыс әрекеттен адамын деген сөз емес. Бірақ мен олардың кейбір әрекеттерін қайталамас едім. Мысалы, жаудың соңына түсудің қажеті жоқ. Егер сіз майданда жеңуді ойласаңыз, адал жолмен әрекет етіңіз. Ал Хиллари үшін ешқандай ереже жоқ».
Долли, сондай-ақ егер ол Хилларидің орнында Биллдің әйелі болса, онда Клинтон Президент болудан гөрі көп балалы отбасының әкесі болуы мүмкін еді дейді. Клинтонның бұрынғы «көңілдесі күйеуім бөтен әйелге барғанын білсем ол әйелге тарпа бас салмай, күйеуімді кінәлі санар едім» деген пікірде.
Долли Кайл Билл Клинтон жоғары мансапқа жеткен қалталы азамат болса да іштей бақытсыз деп есептейді. Өйткені Доллидің ойынша, Клинтон өзінің потенциалын жүзеге асыра алмай, әйеліне бағынышты боп қалған.
Долли Хиллари Клинтонды жасанды әрекет иесі деп айыптайды. «Күлкісі де жасанды» дейді. «Ол қанша жерден күйеуі сиқяты болуға ұмтылса да дәл Билл Клинтондай бола алмайды».
Бұрынғы көңілдес сондай-ақ Билл Клинтон оның жанын ауыртатын талай нәрсе істесе де бәрін ұмытып, кек сақтамайтынын айтады.
Әзірлеген Айғаным Біртуар
Оставить комментарий