Ойлан. Сайт жасау отбасын құрумен тең

/uploads/thumbnail/20170709162705774_small.jpeg

Бұл күнде интернет жалпы тұрмыстың бір бөлігі. Тіпті, тұрмыстың сәні мен мәні дейтіндерде жоқ емес. Компьютер немесе қабылетті телефонмен ғаламторға шыға қалған кезде түрлі-түстермен әдемілеп нақышталған, әр алуан мазмұндағы сайт мазмұндарын көргенде таңырқап, таңданып та қалған болар. Шынында да ғажап-ақ. Жағырапиялық орны белгісіз, бейтаныс бір жанның жазып қалдырған информацияларын компьютер арқылы көріп отырасыз. Пікір қалдырасыз, сол мазмұндар негізінде ой қуасыз, кейде күлесіз, қуанасыз, ал кейде ашуға басып құсалансаңыз, кейде жабырқау көңіл-күйде боласыз...

Дәл сол сәттерде осы сайт қалай құрылған, қалай қызмет өтейді, сайт құру үшін қандай басқыштар болады дегенді ойлайтын боларсыз... Сіз қалай ойлайсыз оны білмеймін. Бірақ әубаста дәл өзім осындай ойларда болғаным шындық еді.

Қызыққан соң қызығына жетуге асықпайтын жан болмас. Кішкене күнімнен құбылысқа таңырқана кейде тесіле қарайтын әдетім бар еді. Бірде интернет қарап отырғанда берісін көрсеткенімен тереңдей түсіну үшін  экранның ар жағына тесілу қажеттілік танытты. Құдайға шүкір, униврситетке емтихан тапсырып, мамандық түрін таңдаған кезде компьютер мамандығының соңына түстім.  Өкініштісі, мектептегі  кезде ғаламтордан сайт құру дегенді нақты мысалымен түсіндірмеді. Бізден де сұраған жан болмады. Баяғы сол әуестенудің қызығымен өзгенікіне қызыға қарап, ғаламторға тінту салып жүргенде, қазақтар сайтының көшбасшысы болған «Ауыл» сайтына техникалық admin  болып та үлгірдім. Дәл сол кезде ғаламтордан сайт ашудың әуелгі жоба нобайын білгендей болдым.

Жинақтап айтқанда, ғаламтордан сайт құру үшін төмендегідей барыстар мен шарттар әзірленуі қажет сықылды.

1. Тіршілік иесі Ана құрсағынан табиғат құшағына ауысқанда мейлі қайсысы болсын өзіне тән ат есімі болмақ. Бұның рөлі бір-бірінен парықтау үшін еді. Дәл осы табиғат заңдылығынан аса алмайтын ғаламтор дүниесінде де жаңа сайт құрылуы үшін әуелде сайт адресі болуға тиіс екені анық. Демек, біріншіден, сайт адресін алу қажет. Доменді қазақша өңірлік ат деуге болады. Ендеше бұны қайдан, қалай аламыз?! Бұл былай ғой. Нәресте дүниге келген соң,кітап ақтарып мәнді-мағыналы сөзді іздестіріп, ойланып ат қоямыз. Ал, өңірлік атты дәл бағанағы кітаптық рөлін ойнайтын өңірлік ат іздестіру және тіркеу қызмет түрін ұсынатын интернет сайттарынан аламыз. Яғни hosting. Мысалы: KZ – еліміздегі  ең үлкен, өңірлік атпен қамдаушы орын.

2. Баршамыз білеміз мекенжайы жоқ  зат та, пенде де болмақ емес. Деректі нәрсенің бәрінде мекен болады. Сайт адресі анықталған соң сайт адресінің нұсқауында тұратын мекенжай анықталады. Демек, сайт адресіне байланған мазмұндар сақталатын бостық, сайт бостығы қажет. Түсінікті болу үшін мысалға: Осы күндегі жас отаулар бас құраудан бұрын немесе кейін, баспана, тұрар жайды іздестіреді. Бұны қаладан немесе ауылдан іздеуге болады. Себебі: екеудің құпиясы боларлық бостық қажет. Егер қалада болса, көше безіп, бағасын сұрастырып, қатынас жағдайы, қалтаның қалың-жұқалығына қарай пәтер іздестіреміз. Ал, сайт адресінің тұрағы боларлық, сайттық қызмет өтеу қабылетіне ие ғаламтор бостығы болу қажет. Бұл қазақша айтқанда интернет кеңістігі.

3. Ат болды, мекенжай болды. Енді не қажет?!

Мынадай жайт: сәби кезеңде шаңырақтан жұлдызы жымыңдан қараңғы тұңғиық аспанға тесілетін, жұлдыз санайтын немесе шаңырақтан көгілдір аспанға қарап, қиялдың тұлпарына қарғып мініп, іскер әженің ісімен өрнектелген сырмақ текеметке шалқая жатқан шақтар қазақ баласы түгел, көшпелі тірлікпен күн кешкен әрқандай ұлт ұрпағының есінен мәңігілік кетпеуі әбден мүмкін. Бәлкім, ойлап жеткен де болармыз. Шаңырақ аспанда биік тұруы үшін кереге уықтар бір жіппен оралып, қуана сыбырласқан қалыпта тұруы қашанда қажет. Ендеше сайттық адреспен бағытталған бостықта, мазмұнды сақтарлық немесе шолушыға ақтарлып отыратын сайттық бағдарлама немесе сайт бағдарламасы қажет. Бұны құрау үшін бейне шаңырақты көтеріп тұрған кереге, уық сықылды, html, css,javascript және өзгермелі сайт бағдарламасын жасау, бағдарлама тілдері (asp, asp. Net, php, jsp. . . ) қажет. Бұлар сайттық жүйені құрудағы құралдар.

4. Жоғарыда сайт құрудың алдыңғы үш шартын атадық қой. Енді, ең маңызды фактор мазмұн қажет. Кілем-текемет салынбаған, безелмеген пәтерде жайғасып отыру мүмкін емес. Енді сайттың қаңқасына өң беріп, сәнін келтіретін нақты мазмұндар қажет. Яғни сайт тақырыбы негізінде құрылған информациялық мәлімет қажет. Информация болмаған жерде хат-хабар барыс келістің болуы шындыққа жанаспайды. Адрес нұсқаған орынға барғанда, көріп қайтарлық мән-мағына болмаса, олда бір ұят іс.

Қазақ айтады: «Төртеу төбе болса, төбедегі келер. Алтау ала болса, ауыздағы кетер» деп. Жазып отырған тақырыпты дәл төрт сәнімен жинақтап жазуды жөн көрдім. Бұлар ғаламтордан сайт құру үшін ең қажетті факторлар. Әрине бұларға ілескен ұсақ-түйек, мазаны алар істері, салатын әлегі көп-ақ.

Сайтқа шығып жүріп, сайттың не екенін түсінуге ұмтылса да аржағына жете алмай, жасқана қарап жүрген талай бауырлардың бар екені жасырын емес. Бұны керекке ілейін деген жігіттерге пайдалы болар деген үмітпен бөлекке айырып жазып отырмын. Қызығына жетем деп қызуын кетіріп жүрген жандар да жоқ емес. Керегі болса, қанжығаға байла да, керексізі болса, «Пішту» де де кете бер...

Связанные Статьи