Атамның басы жатқан жерді қимаймын деме...

/uploads/thumbnail/20170708190120295_small.jpg

Елбасымыздың кешегі «жиналып бір жерге отырып алмайық»,- дегені  тек іштегі қазақтарға ғана арналмаған. Іштегі болсын, сырттағы болсын қай қазақтың болса да, қазіргі тұрып жатқан ауылдарын ата - бабамның ежелден тұрып жатқан мекені, бұл жерді қиып кете алмаймын деуіне негіз жоқ. Біз көшпенді қазақ осынау даланы ғасырлар бойы ана шетімен мына шетіне көшіп-қонып жүріп қорғап қалғанбыз. Кімнің де жеті атасын түгендел болса, жоқ деген де қазақтың үш облысынан табуға болады. Сондықтан да мемлекетіміздің тұтастығын сақтау үшін, тағы да қазақ қай жерде жетіспесе, сол жерге көшіп баруымыз керек. Шетелдегі қазақтар да атамның басын қимаймын деп отыра бермей, атасының атасы жатқан жерге тездетіп көшіп келуі керек. Ал үкімет қайда көшіп- қонам деген қазақ болса да, кедергі жасамауы тиіс.

Тұрдыбек Құрметхан

Связанные Статьи