ҚАДІР СҮРЕСІНДЕГІ "27" САНЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП СӘЙКЕСТІГІ

/uploads/thumbnail/20170708190123896_small.jpg

Қадір сүресінің "сандық" тұрғыда да өзіндік кереметінің бар екенін байқау қиын емес. Сүрені сандық тұрғыда талқылайтын болсақ, бұл сүре қадір түнін Рамазан айының 27-не сай келетінін нақтылап тұрған сыңайлы. Дәлірек айтқанда: 

1). Қадір сүресіндегі айтылған сөздердің саны 30 (отыз) екен. Құранда "отыз" пара.

2). Сүредегі әріптердің саны 114 (жүз он төрт). Құранда "114" сүре бар.

3). Сүренің бесінші аятындағы "Ол" деген мағынаны білдіретін арапша мәтініндегі "Һия-هي" сөзі сүредегі сөздердің сандық реті бойынша, 27-ші сөз. Қадір түні Рамазан айының 27-не сай келеді. ("Ол бейбітшілік кеші - таң рауандағанға дейін жалғасады". Қадір сүресі, 5-аят).

4). Сүренің арапша мәтініндегі "Қадір" сөзі 5-ші, 10-ші және 12-ші сөзінде кездескен. Осы үш санды бір-біріне қосар болсақ жиырма жетіге тең болады: 5+10+12=27. Бұл да қадір түнінің Рамазанның 27-сіне сай келетінін ишара етіп тұрғандай.  

5). Сүредегі "Лайләтуль Қадір" сөзі (мағынасы - қадір түні) сүреде 3 (үш) мәрте кездеседі және ол 9 (тоғыз) әріптен тұрады (ليلة القدر). Ал, енді, үшті тоғызға көбейткенде жиырма жетіге тең (3*9=27). Демек, қадір түні Рамазан айының жиырма жетісіне сай келетінін осыдан да байқауға болатын сықылды.

Ескерту: 

Аталмыш сүренің сандық тұрғыда талдануы "шариғи дәлел" ретінде есептелмейді. Қадір түні Рамазанның пәлен күніне сай келеді деп айта алуымыз үшін нақты айтылған шариғи дәлелдерге сүйенуіміз керек. Жоғарыдағы мақала сүренің ерекшелігін және астарындағы тереңде жатқан мән-мағыналарын жарыққа шығару мақсатында беріліп отыр деп түсінгеніміз жөн. 

Аударып, дайындаған: Абдусамат Қасым.

Ислам.кз

 

Связанные Статьи