Орыстілді қала қазақтары мен орыстілді патриоттарға айтарым...
Қазақ тілінде акцентпен сөйлегендеріңе түкіргенім бар. Жарты Америка ағылшын тілінде акцентпен сөйлейді. Бірақ бұл сіздің тіліңіз, сіздің әкеңіз бен ата-бабаңыздың тілі және біз оны сақтауға міндеттіміз! Сендер, орыстілділер, еш қысылмаңдар. Шынымен ниеттерің болса әлі үйреніп аласыңдар қазақ тілін. Өйткені ана тіліміз қанымызда бар.
Француздармен тәуелсіздік үшін соғысқанда 1954-1962 жж. 2 миллион алжирлік қаза тапты. Олардың барлығы французша сөйлейтін. Немесе қазіргі Украинада да майданшылардың жартысынан көбісі орыс тілінде сөйлеп жүрді. Сабақ алу керек.
Ауылдарда қазақ тіліне деген мәселе жоқ. Мәселе қалалық жерлердегі қазақтарда. Ал қалада біз бармыз!
Мұхтар Тайжан