"Беті қисық" үкімет айнаға өкпелей ала ма?

/uploads/thumbnail/20170708192125936_small.jpg

Жаңалық білу үшін теледидар қосамыз. Әсіресе, үкіметтің ресми мәліметтері біз үшін маңызды. Біз төлеген салықтың есебінен нан тауып жүрген шенеуніктер халық үшін не тындырды дегенді күнделікті бақылап, оған баға беру БАҚ үшін міндет. Алайда, облыс әкімінің орынбасары немесе әлде бір мемлекеттік қызметтегі қаптаған лауазымдыларының парамен ұсталғанын, халық қазынасын ұрлағанын, парламенттің білдей бір мүшесінің (депутат деген советтік атауды қолданыстан шығару керек) іскер азаматқа тіл тигізіп, қара басының қамы үшін жұрт алдында масқара болғанын көреміз. Одан қалса, баспанасын әкімдік қиратып, бала-шағасымен зарлап далада қалған аналар, жылаған балалар, еңбекақысына қол жеткізе алмаған жұмыскердің наласы. Көңіл көншітерліктей ештеңе таппайсың. Билік иелерінің биік мінберден сайрағанда дес бермейтін "елу елді басып озып, отыз елді" тырқыратып қуып келе жатқан түрі осы ма? Бұл жерде БАҚ журналистерінің кінәсі шамалы. Қоғам өмірінің айнасы болғандықтан, онда не болып жатса, соны ғана көрсетпек. Ал, "беті қисық" үкімет айнаға өкпелей ала ма?

 

Қуандық Шамахайұлы, facebook парақшасынан

Связанные Статьи