Полиция OLX.kz сайты арқылы қызметке шақырды

    Darkhan Muqantegi
    Полиция OLX.kz сайты арқылы қызметке шақырды

    "Астанадағы ІІД Күзет басқармасына қызметкерлер қажет" деген хабарлама әлемнің 105 елінде 40 тілде ғаламтор арқылы көнерген заттар мен түрлі ескі бұйымдарды сатумен айналысатын olx.kz сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы. 

    "Мемлекеттік органдағы жұмыс: ҚР ІІМ-не қабылдау жүріп жатыр" деген хабарламада болашақ полицейлердің айлығы 50 мың мен 100 мың теңгенің аралығында деп көрсетілген. 

    "Қызметке бойы 175 сантиметрден кем емес, әскери билеті бар және жасы 25-ке толмаған азаматтар қабылданады" деген хабарлындыруды осы уақытқа дейін екі мыңға жуық адам көрген.

    Өзінің атын атамауды жөн көрген Н. есімді отставкадағы полковник "Бұл - полиция беделінің төмендеуіне әкеліп соғады. Кеңес заманында құқық қорғау органдарына қандай үлкен талаппен және қиындықтармен жұмысқа алатын" деп пікір қалдырған. 

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025