• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 14:15:30
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

04 Маусым, 2019 NEWS

Балабақшаның 2-қабатынан құлаған бүлдіршін айықты: Тәрбиешіні қандай жаза күтіп тұр?

Дегенмен, әлі де ақ халаттылардың бақылауында болады екен...

Талдықорғанда  2-қабаттан құлап, комаға түскен бүлдіршін сауықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Екі апта бойы өмір үшін арпалысқан дәрігерлердің арқасында 2 жастағы қыз бала сауығып, ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер денсаулығының жақсарғанын, ата-анасын танитынын айтады. Ал, кішкентай қызды терезеге шығарып қойып, осындай жағдайға жеткізген тәрбиешіге жаза тағайындалды ма? 
 
Аруна Қуанышқызы 15 мамырда №19 мектеп-гимназиясына қарасты шағын орталықтың 2- қабатынан құлап кеткен. Оның балабақшаға барып жүргеніне небәрі 2-ақ күн болған екен. Ал, аталған орталық ашылғалы жұмыс істеп келе жатқан тәрбиеші дәл сол күні 2 бірдей бүлдіршінді ашық тұрған терезеге тұрғызып қойған. Зардап шеккен бұлдіршін қазір ата-анасының жылы құшағында. Дәрігерлер "өмір мен өлім арасында арпалысқан қыздың қазіргі жағдайы жақсы" дейді.

Дегенмен, әлі де ақ халаттылардың бақылауында болады екен. 

"Бала сөйлейді, әке-шешесін таниды, тамақ ішеді, үлкен дәреті жақсы. Ешкім ұстамай өзі жүреді. Бірақ, бәрі бітті деп айтуға болмайды. 2-3 айда келіп қаралып тұрады. 6 айдан кейін басына тағы да компьютер томографиясын жасап көреміз", - дейді көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Марат Досқалаиев.

Тәрбиешінің салғырттығынан қиын жағдайға тап болған сәбидің ата-анасы мектепте мұғалім екен. Әкесі дене шынықтыру пәнінінің, ал анасы - бастауыш сынып оқытушысы. Болған жайтқа қатысты әзірге сұқбат беруге дайын емеспіз деп отыр. Ал, оқиға болған балабақшада 2 апта бұрын қызылша ауруының алдын алу мақсатында карантин жарияланыпты. Жұмыс істеп тұрған орталыққа ешкімді кіргізбейді.

10 жыл бойы бала қарап, олқылыққа жол берген тәрбиешіге қатысты тергеу амалы басталып кеткен екен. Қазір іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Бүлдіршін ауруханадан шықты. Осыған орай барлық медициналық құжаттар талап етілді. Осы құжаттар негізінде сот-медициналық сараптама тағайындалды" - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Полицейлердің сөзінше, процесстік шешім шыққан соң ғана тәрбиешіге қатысты нақты жаза тағайындалуы мүмкін. Қазір ол жұмыстан шеттетілген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір