+18-ге ТОЛҒАНДАРҒА АРНАЛАДЫ
(ЕСКЕРТУ: анайы, әдепсіз, тағысын тағы деп кінәлайтындар да, ақыл айтқыштар да оқымасын).
...Бізде бәрі жаңалық бүгінде. Тілшілердің сериалдан көргендеріне еліктеген түрі. Физиономияң танымалдау, өзің кішкене атақтылау болсаң, жетіп жатыр... Әр жер-әр жерден "жаға жыртысып" таласып немесе аздап жағымпазданып алған анау-мынау марапатың мен сөлкебайың болса, тегі жақсы. Алдыңнан "даңғыл жол" ашылды дей бер, журналист біткеннің назарындасың! Әсіресе, бала тууға қабілетті әйел мен туғыза алатын еркектің жасында болсаң тіпті керемет! Шақалақ та - "жұлдыз"!
"Төртінші мәрте әке атанды!", "Бесінші рет ана болды!" Ойпыр-ай, сонда "әке" деген сөзге анықтама қоспаса, қадірі кеми ме, әлде нешінші баласы екенін көзге шұқып көрсеткенде бағасы арта ма? Қазақтың бала қырқынан шыққанша жердің баласы емес екенін айтатыны былай тұрсын, әжелердің өзі балаларының санын айтпаушы еді... Сауатсыз тақырып қойып жаһанға жар сап жүргендерге әлгі туып-туғызып жатқандар да түк демейді-ау... Не десін бірақ... Қазақстанда танымал адам, ой, ой, не деп кеттім, онда да шоу-бизнестің айналасындағы танымал "тұлғалар" түшкіріп қалса да жаңалық екені есімнен шығ-ы-ы-п кетеді! Артының қайырын берсін не болса да...
Пы.Сыы. Не ғой, ақыры жалаулатқан соң, бір отала әлгі пәленінші рет әке-шеше атандырған бала әйел мен еркек, «то есть» ата-анасы неше рет жыныстық қатынасқа түскенде, анығы нешіншісінде пайда болыпты, әйелдің өзі туып па, әлде кесар тілігінің арқасында өмірге кеп пе ол сәби, отаны кім жасаған екен, ол дәрігер - акушер-гинеколог һәм хирургтің нешінші мәрте жасаған отасы... Соның бәрін де тізіп шықсаңдаршы, қызық болады сонда...
Айгүл Болатханқызының Фейсбуктегі парақшасынан алынды.
Пікір қалдыру