Тәшенов тіріліп келсе қайтер едік?

/uploads/thumbnail/20170708220331876_small.jpg

2009 - жылы Жұмабек Тәшеновтің басына құран оқытып Шымкенттен қайтқанымда, бұрын кеңшар директоры болған көшелі кісімен купеде бірге отырдым. Ерте кезде Мұхтар Шахановқа туған ауылы атынан машина мінгізген мәрт екенін әңгімесінен білдім.

Есімін ұмытқан сол аға: «Жас кезімде Жұмабек Тәшеновті көрдім. Мен көрген кез ол кісінің қайтыс боларынан аз ғана бұрын ашуы қайтқан кезі еді. Бір жиналыста Жұмекең: - Өзбекстаннан оқу бітірген мамандар, орындарыңнан тұрыңдар, - деді. Орындарынан тұрғандарға Ж. Тәшенов: - Сендердің барлығың Өзбекстаннан дипломды сатып алған шала білімдісіңдер. Жұмыстан боссыңдар, - деп бір-ақ қайырды», - деді.

Егер, Ж. Тәшеневтей шындыққа деген ұстанымы берік адамдар болса, қазіргі шалқақтап, кеуделеріне нан пісіп жүрген қаншама шала білімді мамандардың тағдыры не болар еді деп ойға баттым.

Ертіс Нұрқасымовтың "Фейсбуктегі" парақшасынан алынды. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар