АХМЕТОВ ІСІНІҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

/uploads/thumbnail/20170708220418893_small.jpg

Еліміздегі соңғы мәліметтерді ақтарып отырып, соңғы уақыттардағы түсініксіз орын ауыстыруларға өзімше зерттеу жүргіздім және бұл рас болып шықты. Қарағандының қазағы Серік Ахметов әкім болып келгенде, орыстанып кеткен ҚАРАҒАНДЫ қазақ бола бастаған. Қаныш Сәтбаев, Абыла йхан, Қасым Аманжолов сияқты қазақтың қасиеттеріне ескерткіш орнаттырып, бұған дейін ешбір әкімнің қолынан келмеген, Қазақстандағы ең үлкен Ленин ескерткішін орталықтан алдыртып тастап оның орнына Тәуелсіздік тұғырын орнаттырды. Қарағандының кәммүністері жаман, Ленинге тиіскен адамға қатты айбат көрсететін, олардың көшеге топталып наразылық көрсеткеніне де Серік Ахметов қараған жоқ. Қарағанды жұртшылығы әкімін осы ісі үшін жақсы көріп қалған.

С.Ахметовтың тағы бір жақсылығы – қасына кіл елге жаны ашитын қазақи азаматтарды жинады. Соның бірі – қала әкімі Бауыржан Әбдішев, екіншісі - Берік Әбдіғали. Ол Жезқазған қаласының әкімі болып тұрғанда, қаланың бүкіл мектептеріне Алаш арыстарының есімін бергізді, С.Ахметовтың өнегесімен ұлт ұлыларына ескерткіш салдыртты. Кейін Арқалыққа әкім болып барғанда да осы игі істерін жалғастырды. Мейрам Смағұлов та елім дегенде елпілдеген жан болған. Серік Ахметов премер министр болған кезде Қарағанды өңіріндегі басшылық қызметтерге мемлекеттік тілді дамытуға және оны міндетті екенін айтқан. Және де Қарағандының ақшалы бизнесі мен шаруашылық құрылымдарының көпшілігі орыстардың қолында екенін біліп , барынша сол салаларға қазақтарды тартқан.

Серік Ахметовтің қолына кісен салып, оны өз бауырларына жемқор қылып көрсетіп отырған Путиннің ісі екені айдан анық. Серік Ахметовтің аз уақытта қорғаныс қаржыларын құрдымға жіберуі мүмкін емес . Ахметовтың тұтқындалуына тағы бір себеп Ахметов премьер министр болып тұрған кезде Ресейдің тек өз мүддесін ойлауына жол бермей, көптеген келісім шарттарға қол қоюдан бас тартқан. Ахметов кеткеннен кейін ҚАРАҒАНДЫ ҚАЙТА ОРЫСТАНА БАСТАДЫ, билік басында отырған қазақтарды ығыстырып, орынтағына солар қонжия бастады. Мысал керек болса, міне: соңғы бір айдың ішінде Қарағандыда айтарлықтай үш тағайындау болды. Алдымен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Андрей Ляпунов тағайындалды. Іле Саран қаласына Анатолий Шкарупа деген әкім болып барды. Енді, міне, облыс орталығындағы ең үлкен аудан – Қазыбек би атындағы ауданның әкімі болып Татьяна Шатохина бекіді. Және облыстың спортына ойда жоқ жерден келіп, қазір ойына келгенді істеп жүрген Сухоруковада дәлел бола алады.

Күндіз түні теледидардан Жәкішовты сатқын, опасыз деп өз қазақтарымыз жарнамалап жатыр, қатты қателесесіздер..... Мұхтар Жакішев ол-қазақстанның өркендеуіне үлкен үлес қосқан азамат. Қазатомпромға Жәкішов келіп оған барынша өз үлесін қосты, Созақ пен Шиелідегі уран өндіру бүгінгідей дәрежеге жетуі неғайбыл еді. Уран өндіруден Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосқан- Мұхтар. Жәкішов болатын және қазақтардың жағдайына, ураннан келетін экологиялық зардаптардың алдын болжап, оның қаупі жайлы баяндама жасағанда сол азамат болатын. Мұхтар Жәкішевті орнынан алдырған, оның түрмеге отыруына да кімдердің себепші болғанын білерсіздер. Оның түрмеге отырғаны сол екен, елімізде Росатом пайда болып Қазақстанның уран өндірісін түгелімен қоластына бағындырды. Осылай, Путин өз мақсатына жетті. Ал, өз қазағы өз бауырын түрмегі қамап отыр.

Ахметов премьер болған кезде барынша Набукко жобасына қол қоюға тырысқан, бірақ Путин Набукко жобасына қол қойдырмады. Соның нәтижесінде қазақтар өзінің газын Ресейге 166 доллардан сатып отыр, ал олар оны Украинаға 400 доллардан сатуда. Қазақтарға неге өз газын тікелей сатпасқа, ал Ресейге транзит үшін ғана неге төлемеске?

Тілім деген Мұқтар Шахановтың, елім деген Бекболат Тлеуханның орындарынан мәжбүрлі түрде кетуіне Путиннің қатысы бар, бірақ оны ол өзінің "оң қолдарымен" істеп отыр. Себебі, Путинге қазақтардың ұйымшыл болғаны, біріккені, ұлттық сипатта дамығаны қажет емес.

 

БІЗ КІМБІЗ?

Біз қазақ едік
Аққуды аттырмаған,
Доңызды жақтырмаған.
Ешқашан қара жолға,
Сәбиді лақтырмаған.

Біз қазақ едік
Жолдасын сатпайтұғын,
Дұшпанын даттайтұғын.
Әскері өз халқына,
Қаруын атпайтұғын.

Біз қазақ едік
Мол сауап жинайтұғын,
Үлкенді сыйлайтұғын.
Көңілін қалдырғанның,
Көңілін қимайтұғын.

Біз қазақ едік
Шындығын жасырмаған,
Тарихы ғасырлаған.
Жазықсыз сәбилерді,
Шет елге асырмаған.

Біз қазақ едік
Ұлдары жан сақтаған,
Қыздары тән сатпаған.
Осынау азаттықты,
Кетті ғой аңсап бабам.

Біз қазақ едік
Жақсыдан жерінбейтін,
Еңбектен ерінбейтін.
Ел едік ұл-қыздары,
Ру,жүзге бөлінбейтін.

Біз қазақ едік
Алласыз күні атпайтын,
Жетімін жылатпайтын.
У толған зымыранды,
Жеріне құлатпайтын.

Біз қазақ едік
Көк туы желбіреген,
Жүрегі елжіреген.
Көк бөрі ұрпағы едік,
Көздері мөлдіреген.

Біз қазақ едік
Кеудеге жалын берген,
Ұл-қызға тәлім берген.
Шынында біздер едік,
Ары үшін жанын берген.

Біз қазақ едік
Әрқашан ұлтым деген,
Отаным,жұртым деген.
Бірақ та разы емеспін,
Қазаққа бұл күнде мен...

Біз қазақ болдық
Өз-өзін алдайтұғын,
Мешітке бармайтұғын.
Той менен томалақтан,
Өлсе де қалмайтұғын.

Біз қазақ болдық
Әруаққа табынатын,
Жын ұрып қағынатын.
Ел болдық шын мәнінде,
Ресейге бағынатын.

Біз қазақ болдық
Бір-бірін күндейтұғын,
Жалғанды шын дейтұғын.
Айналдық мәңгүртке біз,
Өз тілін білмейтұғын.

Біз қазақ болдық
Бар болса көре алмайтын,
Жоқ болса бере алмайтын.
Басыңа іс түскенде,
Көмекке келе алмайтын.

Біз қазақ болдық
Жақсыны жаман дейтін,
Арамды адал дейтін.
Аңнан да бетер болдық,
Жамылған адам кейпін.

Біз қазақ болдық
Құдайдан ұялмайтын,
Иманын жия алмайтын.
Расында елге айналдық,
Отанын сүйе алмайтын.

Біз қазақ болдық
Арысын атып біткен,
Байлығын сатып біткен.
Бақытын басқа теуіп,
Құдайдан бақыт күткен.

Біз қазақ болдық
Көргені азап болған,
Әлемге мазақ болған.
Қазағы орыс болып,
Орысы қазақ болған.

Біз қазақ болдық
Шындыққа бойламайтын,
Ел-жұртын ойламайтын.
Ұлыстың ұлы күнін,
Дұрыстап тойламайтын.

Біз қазақ болдық
Билігі құбылатын,
Жүйрігі жығылатын.
Біз кімбіз бұл күндері?
Жырласын бүгін ақын.
Іштегі жан айқайды,
Жан барма ұғынатын?

Шынында біз кімбіз?

АВТОР: ЕРЖАН МҰХИЯТДИНОВ

 

Дархан Өміржанның «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар