ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы Маусым 9, 2011
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық. Кенесі, төраға И.И.Рогов, Кенес мүшелері Х.Ә.Әбішев, К.Ж. Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамкұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
— өтініш субъектісінін өкілдері — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Шахановтың, Е.Әбілкасымовтың, А.Айталының,
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін өкілі — Қазақстан Республикасынын әділет вице-министрі С.П.Нұғымановтын, — Қазақстан Республикасы Мәдениет және акпарат министрлігінін өкілі — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінін Тіл комитетінін төрағасы Е.З.Кажыбектін,
— Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасынын өкілі — Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратының басшысы Р.Қ- Сарпековтын қатысуымен,
өзінін ашык отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының “Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңынын Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінін етінуі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінін 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 каулысына түсіндірме беру жөніндегі өтінішін карады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны — Конституциялық Кеңестің мүшесі Х.Ә.Әбішевті және Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды тындап,
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны анықтады:
“Қазақстан Республикасынын Конституциялық Кенесі туралы” 1995 жылғы 29 желтоксандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңынын 35-бабы 1-тармағынын 1) тармақшасына сәйкес 2007 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінін бір топ депутаттары “Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы. 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” занының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінін өтінуі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысына түсіндірме беру туралы өтінішпен Конституциялық Кеңеске жүгінді.
Өтініш субъектісі жоғарыда көрсетілген каулыны түсіндірген кезде мынадай сұрақтарға жауап беруді сұрайды:
— «мемлекеттік ұйымдарда емес», мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар іс-шараларда, қабылдауларда, ассамблеяларда, съездерде, конференцияларда, дөнгелек үстел отырыстарында мемлекеттік тілдін ресми түрде қолданылатын тілден басымдығы болады ма?;
— Республика Конституциясынын 7-бабының 2-тармағында пайдаланылган «тең» ұғымы (термині) осындай іс-шараларға катысты ма?». Конституциялық Кеңестің отырысы кезінде өтініш субъектісінін өкілдері, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кенесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңынын 21-бабы 2-тармағынын 4) тармақшасына сәйкес, мынадай мәселені түсіндіріп беруді сұрай отырып, өздерінің ауызша түрдегі өтінішін мәлімдеді: «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген Конституциялық норманы (Конституциянын 7-бабынын 2-тармағы) орыс тілі екінші мемлекеттік тіл болып табылады деп түсінген жөн бе?
Өтініште қойылған сұрақтардың мән-жайына қарай Конституциялық Кенес мыналарды қосымша түсіндіру қажет деп санайды.
1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқынын тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды (7-бап).
Конституциялық Кенестің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысында, Конституциянын “мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” деген 7-бабынын 2-тармағы мынадай деп түсіндіріледі: “аталған Конституциялық норма біржақты түсіндіріледі, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері тең дәрежеде, ешбір жағдайдан тыс бірдей қолданылады”.
Бұл мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынын өз өкілеттіктерін іске асыруына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнама әркімнің де тілдердін қызмет ету саласында Конституциялық құқықтары жүзеге асырылуынын механизмдерін көздеуге, сонын ішінде, жеке және заңды тұлғалардын мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтініш беру және олардан Конституциянын 7-бабынын 2-тармағын сақтай отырып — іс қай тілде жургізілуіне қатыссыз қазақ, орыс тілдерінде тен дәрежеде ақпарат алу мүмкіншілігін қамтамасыз етуге тиіс дегенді білдіреді.
Қазақ және орыс тілдерін пайдаланудағы тендік сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінін заңдық маңызы тең екенін де білдіреді. “Қазақстан Республикасынын кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы занының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы” Конституциялық Кенестін 2007 жылғы 14 ақпандағы № 2 қаулысынан келіп шығатыны, егер қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердін сәйкессіздігі құқықтық норманың тұжырымдамалық мазмұнын бұрмалап, оны біржақты түсінуге мүмкіншілік бермейтін болса, онда Негізгі Заңның 7-бабының 2-тармағын негізге ала отырып, мұндай норма белгіленген тәртіппен Конституцияға сәйкес емес деп танылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тен қолданылады деген конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді.
Қазақ тілінін мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен баянды етілуінен келіп шығатыны, қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардын бірі болып табылады, онын егемендігін рәміздейді және Қазақстан халқынын бірлігін білдіретін Республиканың Конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады.
Мемлекеттік тілдін жоғары саяси-құқықтық мәртебесі онын жария-құқық саласында қызмет етуінін айрықшылығы не басымдылығы Конституцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігімен расталады:Республика Президенті мен Парламенті Палаталары төрағаларының мемлекетгік тілді міндетті түрде еркін меңгеруі; мемлекеттік рәміздерде тек қана қазақ тілінің пайдаланылуы; мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртанбаларындағы атауларының, мемлекеттің егемендігін айқындайтын мемлекеттік белгілердің (шекара бағандарында, кеден атрибуттарында және т.б.) қазақ тілінде жазылуы; мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық актілері менөзге де ресми құжаттарының мәтіндерін қағазда және өзге де тасымалдауыштарда орналастырғанда, мемлекетгік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғалары көпшілік алдында сөз сөйлегенде; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бланкілері мен басылымдарында; ұлттық валютада және өзге де мемлекеттік бағалы қағаздарда; республика азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарда, мемлекет атынан берілетін өзге де құжаттарда, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметімен байланысты өзге де салаларда қазақ тіліне басымдылық берілуі.
Бұл жазылғандар, Негізгі Заң қазақ тіліне жария-құқықтық маңыз бере отырып, оның мәртебесінің үстемдігін көздейтінін айғақтайды (Конституцияның 7-бабының 1-тармағы).
3. Конституция мемлекеттік тілдің, ресми түрде пайдаланылатын тілдің және өзге де тілдердің тұрмыстағы, адамдар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынаста, мемлекеттік емес ұйымдарда, соның ішінде, мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар (қабылдаулар, ассамблеялар, съездер, конференциялар, дөңгелек-үстел отырыстарын) өткізу кезінде қызмет етуін регламенттемейді. Республика Конституциясынын 7-бабының 2-тармағында пайдаланылған “тең” ұғымы тұрмыстағы, адамдар арасындағы және ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа, сондай-ақ қаралып отырған өтініште көрсетілген іс-шараларға қатысты емес.
Конституция әркімге өз қалауы бойынша қарым-катынас тілін таңдап алу құқығын береді. Мәселен, Конституцияның 19-бабының 2-тармағына сәйкес “әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін тандап алуға құқығы бар”. Сонымен бірге мемлекет мемлекеттік тілге, онын дамуына, мемлекеттік-құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс.Конституцияның 7-бабынын 3-тармағын негізге ала отырып, заннамада қазақ тілінін дамуына жағдай жасалуға тиіс. Осыған орай Конституциялық Кеңес “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасының заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысында тексеру туралы” 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 4 қаулыда: “бұқаралық акпарат құралының телевизия және радио хабарларынын мемлекеттік тілдегі апталық көлемі уакыт жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауы, сондай-ак мемлекеттік тілдегі хабарларды хабар таратудын тәуліктік кестесіне біркелкі орналастыру туралы талаптардын белгіленуі басқа тілдердін мәртебесіне нұқсан келтірмейді, өйткені ол Негізгі Заңнын 7-бабында бекітілген жалпы ережелер мен принциптерді іске асыруға бағытталған” деп атап кетті.
4. Мемлекет қоғамда қызмет етуші кез келген тілді қорғауға және тіліне байланысты кемсітушіліктін алдын алуға тиіс. Заңнама және құқық қолдану практикасы Конституцияның 14-бабы 2-тармағының “ешкімді ешкандай, сонын ішінде тіліне байланысты кемсітуге болмайды” деген нормасын ескеруге тиіс.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған, “Азаматтык және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 карашадағы № 91-ПІ заңымен ратификацияланған, Азаматтык және саяси құқықтар туралы халы-каралык пактіде: барлык адамдар заң алдында тең және қандай да болсын кемсітуге ұшырамай, заңмен тен қорғалуға құқылы. Бұл орайда кемсітудің қандай түріне болса да заң тұрғысынан тыйым салынады және занда барлық адамдар, қандай да бір белгісіне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да наным-сенімдеріне, ұлттык және әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, туу және басқа жағдаяттарына қарамастан кемсітуден тең және тиімді түрде қорғалатынына кепілдік берілуі тиіс. Этникалық, діни және тіл азшылығы бар елдерде, осындай азшылық құрамындағы адамдар өз тобынын басқа мүшелерімен бірге өз мәдениетін пайдалану, өз дінін тұтыну, дінінін салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айрылмауы тиіс делінеді (26 және 27-баптар).
Жазылғаннын негізінде, “Қазақстан Республикасының Конституииялық Кеңесі туралы” Конституциялық заңнын 35-бабы 1-тармағынын 1) тармақшасын, 2 және 3-тармақтарын және 41-бабын басшылыққа алып,Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
қаулы етеді:
1. “Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінін 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысынан келіп шығатыны, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ және орыс тілдері тең дәрежеде, ешбір жағдайдан тыс бірдей қолданылады.
2. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тіл — қазақ тілі мен ресми түрде пайдаланылатын орыс тілінің тең қолданылуы бұл соңғысына екінші мемлекеттік тіл мәртебесі берілетінін білдірмейді. Мемлекеттік тіл мәртебесінің үстем болуы оның жария-құқық саласында қолданылуының айрықшалығы не басымдылығы Конституцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігін білдіреді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан тыс жерлерде, атап айтқанда,мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар (қабылдаулар, ассамблеялар, съездер, конференциялар, дөңгелек үстел отырыстарын) өткізу кезінде қазақ және орыс тілдерінің тең қолданылуын белгілемейді, ал Конституциянын 7-бабының 2-тармағында пайдаланылған “тең” термині мұндай іс-шараларға қатысты емес.Республика Конституциясы әркімге өз калауы бойынша қарымқатынас тілін тандап алу құқығын береді. Бұл орайда, ынталандыра отырып, мемлекет мемлекеттік тілге, оның дамуына, мемлекеттік-құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардын басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс.
4. Заннама және құқық қолдану практикасы Конституциянын ешкімді ешқандай, соның ішінде тіліне байланысты кемсітуге болмайды деген, сондай-ақ әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-катынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығын баянды ететін конституциялық ережелердің талабын ескеруге тиіс.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады.
6. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің төрағасы И.Рогов