Осы аптадағы кадрлық тағайындаулар

/uploads/thumbnail/20170708223733208_small.png

Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен еліміздің Сыртқы  істер министрінің төрт орынбасары бірден ауысты. Сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне зор еңбек сіңірген Жанар Айтжанова Швейцариядағы Елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді тағайыналды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ағылшын, корей және жапон тілдерін жетік біледі. 1993 жылдан бері еліміздің Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.

Келесі вице-министр Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов де Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылдан бері Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

Ал вице-министр  Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қызылорда облысында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты. 2009 жылдан Қазақстанның Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

ҚР СІМ вице-министрі Роман Юрьевич Василенко Шымкент қаласында дүниеге келген. Ресей Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын бітірген. 2014 жылдан бері ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды.

Ал Жанар Айтжанова Қазақ мемлекеттік университет, Біріккен Вена институтын, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін бітірген. 2011 жылдан бері еліміздің Экономикалық интеграция істері министрі болып, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне зор еңбек сіңірген.

Үнзила Шапақ ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалды. Ол 1973 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі, заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар. 2011 жылдан бері «Қазақ Мемлекеттік Заң университеті» АҚ Жоғарғы құқық мектебінің директоры қызметін атқарып келген.

Ұзақбай Қарабалин «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ол 1947 жылы 14 қазанда Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде дүниеге келген. 1970 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механикаландыру және технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның академигі, 40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалықтың авторы. Қазақстанның Еңбек Ері. 
3-дәрежелі «Барыс» орденімен (2005 ж.), «Құрмет» орденімен (2000 ж.), «Отличник разведки недр СССР» белгісімен (1988 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2006 ж.), «Лидер российской экономики» орденімен (2005 ж.), Қазақстан Республикасы жер қойнауынның құрметті барлаушысы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар