Ресейлік Олимпиада чемпионы Павел Пинигин Якутияда өткен еркін күрестен халықаралық турнир соңыеда суретке түсу сәтінде қазақстандық спортшыны итеріп жіберді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Болған оқиға туралы видео бірқатар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Ресейлік басылымдар «Триумф» спорт кешенінің жетекшісі Павел Пинигин қазақстандық спортшымен қатар тұрып суретке түсуді намыс көрді деп жазды.
Алайда, Якутия спорт министрі Михаил Гуляев NVPress басылымына берген түсініктемесінде болған жағдайды жай ғана спорттық этиканы бұзу деп бағалап, П. Пинигинді ақтап шыққан.
«Марапаттау сәтінде артық адамдар болмауы керек. Жас спортшы мұны білмеген сыңайлы. Павел Павлович іс-шараны басқарушы ретінде оған спорт этикасының осы талабын түсіндірді», - деп «тәпсірлейді» Панигиннің паңдығын Якутия спорт министрі.
Панингиннің өзі де болған оқиға туралы былай деп түсінік берген:
«Жүлделер тапсыру сәтін суретке түсіру кезінде Қазақстан құрамасының мүшесі кадрға өршелене ұмтыла берді. Мен оған ескерту жасадым. Спорттық этиканы бұзғанын айтып, марапаттау рәсіміне араласпауын сұрадым. Ол тыңдамады, сосын кішкене итеріп жіберуге тура келді».
Осылайша, ресейліктер ұйымдастырған спорт жарысында қонақтарды кеудесінен итеру оқиғасы орын алған.
Пікір қалдыру