Салынып жатқан ЭКСПО-2017 нысанына сот шешімімен тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170708224018898_small.jpg

Петропавл соты «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарының құрылысына жауапты «АДС Компаниясы» ЖШС нысандарына шектеу қойды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы informburo.kz – ке сілтеме жасап .

Сот шешімімен ЭКСПО нысандарының тұтқындалуы «Севстальконструкция» ЖШС-ның талабы бойынша орын алып отыр. Көрме құрылысының бас мердігері аталған компанияға 100 млн теңге көлемінде берешек болып шыққан.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры С. Куянов «АДС компанияның» шынымен де көрме нысандарын салушы мердігер екендігін, алайда, компания басындағы қиындықтар құрылыс жұмыстарын тоқтатуға себеп болмайтынын айтқан.

 

Қатысты Мақалалар