Ұлттық қор 102 миллион долларға ортайған

/uploads/thumbnail/20170708224131836_small.jpg

Қазақстанның Ұлттық қоры 102 миллион долларға ортайды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚР Ұлттық банкінің сайтына сілтеме жасап – ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, елдің халықаралық жалпы қорлары 919 миллион долларға ұлғайып, 2016 жылдың 1 наурызында 27,774 миллиард долларды құрағаны айтылады.

Бұл ұлғаю алтын активтерінің 974 миллион долларға артуының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сонымен бірге, еркін конвертацияланатын валютадағы активтер 54 миллион долларға, ал, Ұлттық қор активтері 102 миллион долларға қысқарған.

Бұған дейін Ұлттық банк басшылығы валюта нарығына араласуды азайтамыз деп мәлімдеген болатын. Алайда, ақпан айының соңында валюта нарығындағы доллар ұсынысының артуына байланысты Ұлттық банк 474 миллион доллар (саудаланған валютаның 20 пайызы) сатып алғаны хабарланған еді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар