АҚШ-та өгей әкесі атып тастаған қазақстандық жеткіншектерді американдық зиратқа жерледі, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Today.kz – ке сілтеме жасап. Бұл туралы журналистерге ҚР БҒМ Балалар құқықығын қорғау комитетінің төрғасы Забира Оразалиева мәлімдеді.
"Жеткіншектерді асырап алған ана Лананың отбасы балаларды (ағайынды Тимур Көктиев пен Дамир Абдырахмановты – автор ескермесі) өз отбасының мүшелері деп есептейді, балалар олардың немерелері, сол себепті немерелері ретінде жерледі", - деп түсіндірді Оразалиева.
Сонымен бірге Оразалиеваның айтуынша, қазақстан дипломаттары асыранды балаларға жиі барып тұра алмаған, өйткені АҚШ-та жеке өмір құқығы қаты қадағалануда.
Естеріңізге салсақ, Қайғылы оқиға 26 ақпанда болды. Белфейр қаласында (Вашингтон штаты) 16 және 18 жасар жасөспіорімдер мен оларды асырап алушы әйел ер адамның қолынан қаза тапқан. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқ атушы көз жұмған әйелдің 51 жасар күйеуі Дэвид Уэйн Кэмпбелл. Ол өзіне де қол слған. Ол Қытайдан асырап алған 12 жасар қызын да атқан. Бірақ, бақытқа орай қыз тірі қалды. Кейін ер адамның қылмыстық өмірі ашылды. Ол мүлік ұрлау мен жалған құжат жасағаны үшін істі болған.
Забира Оразалиеваның айтуынша, қазақстандық құқық қорғау органдары істі тергеумен айналысып жатқан жоқ.
Сонымен бірге ол, АҚШ азаматтары асырап алған балаларының жағдайы туралы толық ақпарат бермейінше, американдық отбасыларға қазақстандық балаларды асырап алуынуына мараторий қойылғанын айтты.
Пікір қалдыру