ҰҚК Шекара қызметінің жауынгерлік әзірлігі тексерілуде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жауынгерлік әзірлікті тексеру шекара қызметінің шығыстағы, батыстағы және оңтүстік өңірдегі бөліністерінде жүргізілуде.
«Мемлекеттік шекарадағы бөліністер мен құрамалардың басқару органдары дабылмен көтерілді. Он күн бойы олар жауынгерлік әзірлік, мемлекеттік шекараны күзету, жауынгерлік дайындық, тағы басқа мәселелерді тәжірибе жүзінде пысықтайтын болады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, хабарламада шекарашылардың далалық жағдайда граната лақтырып, ату полигондарында танкілермен жаттығу жасап жатқаны айтылады.
Пікір қалдыру