АСҚАР ЖӘКУЛИННІҢ ХАЛ ҮСТІНДЕ ЖАТҚАНДА ЖАЗҒАН ХАТЫ ЖАРИЯЛАНДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708224326057_small.png

Бұл видеодан Асқар Жәкулиннің Жапонияда ауырып жатқанда әйелі Жайнаға жазған хатын тыңдай аласыздар. Хат мәтінін оқыған - ақын, қоғам қайраткері Алмас Ахметбек. Марқұм Асекең бұл хатында: "Мен үшін өмірімдегі ең керемет оқиға - Қазақстанның тәуелсіздік алуы, ең ұлы шешімім - Қазақстанға қоныс аударуым", -деп жазыпты. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды. 

Жәкула Күшікұлындай арыстың ұрпағы Асқар Жәкулин Қытай жерінде дүниеге келіп, Германияда білім алған. Қазақстанға келіп қызмет еткен ол «Ас-ай» компаниясын құрған. Қытайдағы ең алғашқы «Ауыл» сайтының негізін қалаушы. Көптеген ғылыми, мәдени жобаларға демеушілік жасаған арда азаматтың артында бір ұл, бір қызы қалды.

Марқұм Асқардың саналы ғұмыры туралы Азат Кәрімұлының мақаласынан толығырақ оқи аласыздар. Сілтеме: http://qamshy.kz/home/show/5202

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар