Анкарадағы жарылыстан 34 адам қаза тапты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708224410198_small.jpg

Кеше кешке Түркия астанасында жарылыс болып, 34 адам қаза тапты,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жарылыс Гүйвен саябағында, Түркия премьер-министрінің кеңсесі маңындағы автобус аялдамасында болған. Автокөлік ішіндегі жарылғыш заттың іске қосылған сәті бейнекамераға түсіп қалған.

Елдің денсаулық сақтау министрі Мехмет Мүзеноғлы жарылыстан қаза тапқандар саны 34 адамға жеткенін хабарлады. Бұған дейін ақпарат құралдары 27 адамның қаза болып, тағы 75 кісі жарақат алғанын хабарлаған болатын.

«30 адам оқиға орнында, төрт адам ауруханаларда көз жұмды. Қаза тапқандар ішінде бір немесе екі жанкешті лаңкес болуы мүмкін. Тағы 125 адам жарақат алған, олар 14 ауруханаға жатқызылды, жараланғандардың 19-ы – ауыр жарақат алғандар. Жеті адам операция столында жатыр», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі М. Мүзеноғлы.

Алдын ала таратылған мәліметтер бойынша. Жарылысты Күрдістан жұмысшы партиясы немесе соған жақтас ұйымдар ұйымдастыруы мүмкін екені айтылуда. Ел пермьері Ахмет Дәуітұлы осы мәселеге орай шұғыл жиын өткізді. Ал, презхидент Ережеп Ердоған жарылысқа кінәлілер қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар