Үрімжіде Қазақстан азаматы қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708224546574_small.jpg

ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Үрімжі қаласында қазақстандық 25 жастағы азамат Ербол Суханов қаза тапты. Ол сондағы «Әдемі» дәмханасында кассир болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сағат 15:00-де жергілікті полиция учаскесіне дәмхана иелері Қабыл Шалқар мен Болат Жақыпов келіп, жігіттің өзіне-өзі қол салғаны туралы айтты. Олардың айтуынша, ол 14 наурыз күні шамамен сағат 8-де соңғы үш күнде тұрып жүрген қонақүйдің артқы ауласында асылып қалған.

Олар Е.Сухановтың 100 мың долларды ұрлағанын анықтағанын, бұл жайт бейнебақылау таспасындағы жазбамен расталғанын айтты. Е.Суханов оларға ақшаны қайтаратыны туралы қолхат толтырып берген.

Полиция Е.Сухановқа қатысты зорлық әрекеттерінің белгілерін анықтаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың ата-анасы ШҰАӨ-нің аумағына кіріп, баласының денесін алып кету үшін құжаттарды ресімдеп жатыр.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар