Наурыз мерекесінде неше күн демаламыз?

/uploads/thumbnail/20170708230621967_small.jpg

Қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай бес күн демалатын болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Egov.kz порталындағы демалыс күнтізбесіне сілтеме жасап.

Сенбі, жексенбіге келетін 19,20 наурыз күнгі демалыстар 21,22,23 наурыздағы мерекелік демалысқа ұласады. Сөйтіп, алдағы жұмыс аптасы бейсенбі күні басталады.

Мерекеге орай Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Алматы қаласының 100 жылдығы аясында жаппай мерекелік шаралар өтеді.

Астанада да Наурыз мейрамына орай 70 шақты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. 21 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде, «Астана Арена» стадионында, «Қазақ Елі», «Бәйтерек» монументтерінің маңында және қала алаңдары мен саябақтарында жалпы халықтық шаралар өтеді деп күтілуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар