ҚР СІМ: Ресейде құлаған ұшақта қазақстандықтар жоқ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708230630748_small.jpg

Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ. Бірқатар БАҚ-та экипаж мүшелері арасында Қазақстанның азаматы немесе тумасы болғандығы жайында ақпарат тарады. Бұл мәлімет қазіргі уақытта тексерілуде», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов.

Сонымен қатар ол нақты мәліметтер алынғаннан кейін қосымша ақпарат берілетіндігін айтқан. 

Айта кетейік, Дубайдан ұшып келе жатқан Flydubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы Ресейдің Дондағы Ростов қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының сол жағында құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға Астана уақытысағат 06.50-де орын алған. Әуе кемесінің бортында 61 адам болды (55 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі). Жолаушылардың арасында төрт бала бар.

Бұған дейін ұшақ ішінде Украина, Өзбекстан, Үндістан азаматтары болды деп хабарланған еді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар