Пәтер жарнамасына шектеу қойылмақ

/uploads/thumbnail/20170708231216316_small.jpg

Санатына сәйкеспейтін баспаналарды жарнамалап сатуға тыйым салынады.  Бүгін Сенатың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Заң жобасына сәйкес, тұрғын үйлерді сату үшін жобалық құжаттамасына және тұрғын үйдің классификациясына сәйкеспейтін жылжымайтын мүлікті жарнамалауға тыйым салынады. Осыған орай депутаттар түсініктеме беруде және ол үшін жауапкершілікті сұраған болатын.

«Жарнамада тұрғын үйлерді сатуда «эконом класс, премиум, люкс» деген секілді ұғымдар көп. Қазіргі күні құрылыс салу нормалары мен ережелеріне сәйкес, бізде тұрғын үйлер тек төрт топқа жіктеледі. Сонымен қатар, үй сатып алған тұтынушылар мүлікті иеленген соң баспананың санаты сәйкеспейтінін айтып жиі шағымданады. Осыған байланысты Елбасының тапсырмасына сәйкес, жарнамалар арқылы тұтынушыларды адастырып, жаңылыстыруға жол берілмейтін болады», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, құрылыс салу нормалары мен ережелеріне осыған байланысты өзгерістер енгізілмек. Құрылыс нормаларында тұрғын үйдің санаты да жазылатын болады. «Заң күшіне енгеннен соң ондай нормаларды бұзған құрылыс компанияларына қатысты сотқа шағымдануға болады. Егер санатына сәйкеспейтін болса, онда құрылыс компаниясының жарнамасын тоқтатуға қатысты шаралар да қолданылады», - деді министр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар