«Нұр Отан» Қырғызстанда қалпақ тіккізген

/uploads/thumbnail/20170708231234331_small.JPG

«Нұр Отан» партиясы сайлау алды үгіт-насихат кезеңіне және партияның «Жеңімпаздар форумына» арналған бас киімдерін Қырғызстанда тіккізген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен форумға қатысқан «Азаттық» тілшісі Руслан Ботайұлы бұған өзі көз жеткізгенін айтады.

«Президент «Жеңімпаздар форумында» көп аялдамады. Онымен бірге үкімет мүшелері, партия жетекішілері ере шықты. Залдағы жастар тегін концерт көріп қалды.

Киім ілгіштегі кезекке ілінбес үшін залдан ертерек шыққан едім. Баспалдақта бірдеңені басып кеткендей сезіндім. Табан астыма қарасам, «Нұр Отан» деген өрнегі бар "бейсболка" екен. Бас киім болған соң жерден көтеріп қолыма алдым. Алақаныма шаңын қаққан едім  ішіндегі этикасына көзім түскені. Өз көзіме өзім сенбедім! Қайта қарадым! Өтірік секілді. Көзілдірікті сүртіп және қарадым. Шын екен. «Made in Kyrgyzstan» деп тұр.

Қырғыз ағайынның киім тігетініне еш күмәнім жоқ, әрине. Жасырып не қылайын, аяғымдағы шұлық, іш киімім де Қырғызстаннан шыққан. Ал мына бас партияның бас киіміне  таң қалмасқа енді шарам қалмады», - дейді журналист.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар