Бүгін Алматы қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы өтіп, онда мәслихат хатшысы тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың хатшылығына кәсіпкер Қалдыбай Қазанбаев сайланды. Қ. Қазанбаевтың алдыңғы шақырылымдағы мәслихатқа да депутат болғанын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, сессия жұмысы барысында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрамы бекіп, төрағалары тағайындалды.
Депутат Сергей Козлов мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі, Роза Бадаева көлік және тұрғын-үй мәселелері жөніндегі, Марат Әділханов құрылыс және жер қатынастары жөніндегі, Константин Авершин кәсіпкерлікті дамыту және ТКШ мәселелері жөніндегі, Ханзада Есенова мәдени-әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі, Динара Нүкетаева жергілікті мемлекеттік басқару және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияларға төраға болып сайланды.
Пікір қалдыру