Алматыдағы Royal Tulip қонақ үйінде өрт болып, 104 адам қауіпсіз жерге шығарылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға туралы хабар қалалық төтенше жағдайлар департаментіне таңғы 08.08- түскен. Белгілі болғаны қонақ үйдің SPA-салонында бу бөлмесінде от шыққан. Сыртқа шығарылған 104 адамның 64-і қонақтар болса, қалғаны сол жердің жұмысшылары көрінеді.
«Алматы қаласы ТЖД күштері өрт шыққан орынға 6 минут ішінде жетіп, өртті ауыздықтауға кірісті. Сағат 08.50-де от толықтай сөндірілді. Барлығы 10 шаршы метр аумақ өртке оранған», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.
Пікір қалдыру