Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд кездесуінің проморолигі шықты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708231511880_small.jpg

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Доминик Уэйдтің 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтетін кездесуіне арналған промороликті НВО телеарнасы жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Осы күні сонымен қатар никагуаралық Роман Гонсалес пен пуэрторикалық Маквильямс Арройо да кездеспек.

Промороликте Головкин мен Гонсалес қатысқан жекпе-жектердің үздік сәттері көрініс тапқан.

Осы ретте бұл кездесуде Головкин WBA нұсқасын он алтыншы рет, IBO-ны он үшінші рет, WBC (Interim) нұсқасын төртінші рет, ал, IBF нұсқасын алғаш рет қорғайтынын естеріңізге саламыз.

 

Қатысты Мақалалар