1 сәуір күні Алматы қаласы Ықылас атынадағы халық музыкалық аспаптары музейінде «Дәулескер күйші, жазушы, өнертанушы Таласбек Әсемқұловтың домбырасы музей сахнасында» атты музыкалы-танымдық кеш өтеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Кеште Халық әртісі Досқан Жолжақсынов, сыншы Әлия Бөпежанова, белгілі күйші-композитор, академик Секен Тұрысбеков, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері: Жарқын Шәкәрімов, Жанғали Жүзбай, Ардақ Исатаева. ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы, әнші Ерлан Төлеутай, Бағлан Бәбіжан және Халықаралық және Республикалық конкурыстардың лауреаттары: Ардаби Мәулетұлы, Сырым Нұрмолдин, Рустем Нүркенов, Айсарбек Ақияшев, Мұқтар Әділ және Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, ақын Ербол Алшынбай т.б. өнер көрсетеді. Сондай-ақ Таласбек Әсемқұловтың өмірі мен шығармашылығы, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан зор үлесі жайлы естеліктер айтылады.
Кешке Алматы қаласы музейлер бірлестігінің мамандары, зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар мен кино мамандары, студент жастар, туған-туыстары және ақпарат құралдары қатысады.
Кештің өтетін орны: Алматы қаласы, Зенков көшесі 24 А. Музей ғимараты.
Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары: 291 69 17, 291 63 16