ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық біріңғай тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыру үшін төленетін жарнаның көлемін жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Министрліктің хабарлауынша, биыл ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Сынақтан өте алмаған немесе нәтижесіне көңілі толмаған түлектер тамыз айында Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан базалық ЖОО-ларда ақылы негізде қайтадан сынақ тапсыра алады.
ҰБТ-ны қайта тапсыру құны – 2242 теңге.
ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін министрлік ЖОО-лар тізімін бекітеді. Қайта тестілеу Қазақстан тарихы, математика, оқу тілі және таңдау пәні сынды төрт пән бойынша өтеді.
Бұған дейін министрлік ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігін енгізетінін хабарлаған болатын.