Назарбаевтың артында тұрып тілін шығарған қыз «Нұр Отанға» шақыртылды (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708231821836_small.jpg

Астанада «Нұр Отан» партиясының жеңісіне арнаған форумда Елбасының артында тұрып, тілін шығарған қыздан бас партия басшылығы түсініктеме алмақшы, - деп жазады «Қамшы» порталы nur.kz – ке сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі кезінде тілін шығарып, танымал болған астаналық студент Инна Мальцева өзінің Instagram мпарақшасында түсініктеме беруі үшін "Нұр Отанға" шақыртылғанын мәлімдеді. Бұған дейін ол оғаш әрекетіне түсініктеме беретін жазба жариялаған болатын.

"Мен туралы жаман ойлап қалғандардың бәрі мені сөкпей, түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. Себебі, негізінен мен ондай оғаш әрекеттер жасайтын адам емеспін. Мен қашан да іс-шараларда өзімді жақсы ұстай білемін және әр адам баласын ұлтына бола алаламай, сыйластықпен қараймын. "Ешкімді сөкпе, өзің де сөгіске ұшырамайсың" деген қағидамен өмір сүремін. Мен үшін бұл жағдай және маған деген бұрыс көзқарас өте жағымсыз... Тағы да кешірім сұраймын. Адами тұрғыдан түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін", - деп жазған бойжеткен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, студент қыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі кезінде тілін шығарған болатын.

 

Қатысты Мақалалар