Ресейлік Су-25 әскери ұшағы Приморье өлкесінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Апат Приморьенің Чернигов ауданында болған. Ұшақтың құлаған сәті түсірілген бірнеше видео әлеуметтік желілерде жариялануда.
Ресейлік ақпарат құралдары Су-25 әскери ұшағының бүгін оқу-жаттығу барысында, Шығыс әскери округына қарасты Черниговка әуежайына қону кезінде құлағанын жазуда. Ұшқыш ұшақты тұрғын үйлердің төбесінен аулаққа апарып, өзі парашютпен секіріп кеткен.
«Апаттан қаза болғандар жоқ. Ұшақ жерге құлаған сәтте өртеніп кеткен», - деп жазады РИА-Новости.