Солтүстік Корея билігі халқын алда болатын аштыққа дайындала беруге шақырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Мемлекеттік биліктің бұл үндеуі КХДР-дың мемлекеттік газеттерінде басылуда.
«Революция жолы – ұзақ та қиын жол. Бізге «Ауыр сапар» шегуге тура келеді. Тіпті, біз бұрынғыдай өсімдік тамырларымен қоректенуіміз де мүмкін», - делінген партиялық газеттердің бірінде.
КХДР-да бұл «Ауыр сапар» термин 1993 жылдан бері 1990 жылы басталған төрт жылдық аштықты суреттеу үшін қолданылып жүргенін айта кеткен жөн.
Сондай-ақ, бүгінде БАҚ арқылы әрбір азамат мемлекет қазынасына ай сайын екі пұт күріш өткізуге міндетті екендігі хабарлануда.