Ақшадан тарыққан Қазақстан 1,7 миллион гектар жерін аукционға шығарады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708232008713_small.jpg

Қазақстан билігі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 1,7 миллион гектар жер сатпақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жекенің қолына өтетін жер аукцион арқылы сатылатын көрінеді. Бұл туралы кеше Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, аукционға қатысатындар үшін арнайы жеңілдіктер де әзірленіп отырған көрінеді.

«Қазір жерді жалға алып отырған арендаторлар үшін сол жерді сатып алуға оның кадастрлық құнынан 50 пайыз жеңілдік және 10 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Сатылымға шығатын жер учаскелерінің кадастрлық бағасы аукциондағы старттық баға болады», - деген Е. Досаев.

Оның айтуынша, қазір сатылымға шығарылатын жерлер дайындалуда. Қазіргі таңда 645, гектар жер немесе 1271 жеке жер учаскесі сатылымға шығаруға дайын тұр.

Бұған дейін Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында пайдалы кен орындарының бірқатары аукцион арқылы сатылған болатын.

Қатысты Мақалалар