«Келін» әлеуметтік желісі де жантүршігерлік жазбаларға толып барады (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708232330544_small.jpg

Қазақ келіндеріне кеңес беріп, ұлттық құндылықтарды жас келіндер арасында дәріптеу мақсатында Назарбаев университетінің студенті Дидар Пернебаева іске қосқан «Келін» әлеуметтік желісі қазақы танымға жат құндылықтар насихатталатын ортаға айналып барады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қосымшада негізінен сауалнамалар, ас рецептері, сөздік пен құпиялар сынды төрт қызмет түрі қолданылады. Желінің осы «құпия» бөлімінде жас келіндер ойларын ортаға салып, әр түрлі тақырыптарда аноним сұхбат құра алады, бір-бірінен ақыл-кеңес сұрайды.

Қызық та осы жерде басталады. Біреулер енелерінен көрген «қорлығын» айтып шертөксе, желіге тіркелген орыс тілді қыз-келіншектердің біразы төсек пен жыныс мүшелері төңірегінде әжептәуір сұхбат құрып тастаған. Тіпті, күйеуінің көзіне шөп салу, бөтен еркекпен жасырын қарым-қатынаста болу құпиялары да ортаға салынған.

Бұдан басқа да ұлттық танымымызға жат дүниелерден көз сүрінеді.

 

Қатысты Мақалалар